Accessibility links

Австралия ИМ-ге қарсы коалицияға қосылады


Австралия премьер-министрі Тони Эбботт.
Австралия премьер-министрі Тони Эбботт.

АҚШ-тың жетекшілігімен Ирактың солтүстігінде «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобына қарсы әуеден соққы беріп жатқан халықаралық коалицияға Австралия да қосылады.

Бағдаттан ресми сұраныс келген соң Австралияның ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі комитеті елдің әскери-әуе күштерін ИМ содырларына қарсы операцияға қатыстыруды мақұлдады.

Бүгін сөйлеген сөзінде Австралия премьер-министрі Тони Эбботт Ирактағы миссия «едәуір уақытқа созылуы мүмкін» екенін айтты. «Әңгіме бірнеше апта емес, бірнеше айлар жайында екендігі анық» деген ол.

Австралия әскери-әуе күштерінің қолбасшысы маршал Марк Бинскин әскери ұшақтар халықаралық коалиция операциясына жақын күндері қосыла алатынын айтқан.

Бұдан екі аптадан астам уақыт бұрын, АҚШ тарапынан экстремистерге қарсы күш біріктіру туралы ресми өтініш түскен соң, Австралия әуе күштерінің алты жойғыш ұшағы Біріккен Араб Әмірліктеріндегі әскери базаға орналастырылған еді.

XS
SM
MD
LG