Accessibility links

Қазақстан Инчхонда каратэден алтын алды


Қазақстандық каратэші Гузалия Гафурова Азиада чемпионы атанған сәт. Инчхон, 3 қазан 2014 жыл.
Қазақстандық каратэші Гузалия Гафурова Азиада чемпионы атанған сәт. Инчхон, 3 қазан 2014 жыл.

Каратэден 68 килограмдық салмақ категориясында Гузалия Гафурова финалда қытайлық қарсыласы Тан Линлинді жеңіп, Азия ойындарының чемпионы атанды. Осы спорт түрі бойынша 55 килограмм салмақта қазақстандық Сабина Захарова финалда қытайлық Тайпей спортшысы Цу Юн Веннен 1:7 есебімен ұтылып, күміс жүлдені қанағат етті.

Таэквондодан 58 килограмда Нұрсұлтан Мамаев финалда ирандық Фархан Ашурзадефаллахтан 4:7 есебімен ұтылып, Азия ойындарының күміс медалін иеленді.

Қазір Қазақстан құрамасында 28 алтын, 22 күміс, 32 қола (барлығы 82) медаль бар. Қазақстан алтын медаль саны бойынша Азия ойындарындағы рекордын орнатты. Осыған дейін Қазақстан жазғы Азия ойындарында ең көп 25 алтын жүлдені 1994 жылы Хиросимада алған.

Инчхондағы Азия ойындары 4 қазанда жабылады.

XS
SM
MD
LG