Accessibility links

Қажыға барғандар «шайтанға» тас атты


Қажылық парызын өтеуге барған мұсылмандар. Мекке, 3 қазан 2014 жыл.
Қажылық парызын өтеуге барған мұсылмандар. Мекке, 3 қазан 2014 жыл.

Сауд Арабиясына қажылық парызын өтеуге барған жүз мыңдаған мұсылман сенбі күні Мина жазығына барып, «шайтанға тас лақтыру» шарасына қатысты.

Үстілеріне ақ түсті киім киген мұсылмандар бұдан соң Меккедегі мешітте намазға қатысып, ең қасиетті жері Қағбаны соңғы рет айналып өтеді.

Ислам дінін ұстанушылар жыл сайын құрбан айт алдында мұсылманның бес парызының бірі – қажылықты өтеу үшін Сауд Арабиясына жиналып, қасиетті орындарды аралап, мінәжат етеді.

Ресми ақпарат бойынша, биылғы жылы әлемнің әр түкпірінен Сауд Арабиясына 2 миллионға жуық мұсылман қажылыққа барған. Бұған дейін Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы Қазақстаннан қажылыққа баратындар саны биыл 5 мың адамға жеткенін хабарлаған еді.

XS
SM
MD
LG