Accessibility links

«Алматы туры-2014» веложарысы өтіп жатыр


«Алматы туры-2014» веложарысына қатысушылар. Алматы, 5 қазан 2014 жыл.

Бүгін таңертең Алматыда басталған «Алматы туры-2014» бір күндік веложарысына 20 команда қатысып жатыр деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Бәсекеге түсіп жатқандар арасында әлемдік деңгейдегі Astana Pro Team, Katusha, Giant-Shimano, Movistar, Omega Pharma - Quick-Step, Bardiane Valvole, CCC Polsat, Synergy Baku Cycling Project велоклубтарының өкілдері бар.

«Алматы туры» жарысында велоспортшылар әрқайсысы 31 шақырымдық алты айналым қашықтықты өтуі тиіс. Осымен екінші жыл қатарынан өткізіліп жатқан бұл жарысты Eurosport телеарнасы, қазақстандық «Алматы» және Kazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетіп жатыр.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау бүгін түстен кейін өткізіледі.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    Азаттықтың Прагадағы кеңсесінде қазақ тілінде редактор. Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің репортері. Сочи, Рио, Пхенчхан олимпиада ойындарынан, Джакартада өткен Азия ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG