Accessibility links

Латвияда сайлау бюллетеньдері саналып жатыр


Латвия және Еуропа Одағының тулары. (Көрнекі сурет)
Латвия және Еуропа Одағының тулары. (Көрнекі сурет)

Латвия парламенті – сеймге сенбі күні өткен сайлаудың алдын ала ресми нәтижесі бүгін жариялануы тиіс, сайлау бюллетеньдері әлі толық саналып біткен жоқ.

Әзірше, Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) соңғы берген мәліметі бойынша, кеше дауыс бергендердің 24 пайызға жуығы елдегі орыстілді сайлаушылардың мүддесін қорғайтын «Согласие» социал-демократиялық партиясын қолдаған. Бұл партияға ел астанасы Рига қаласының мэрі Нил Ушаков жетекшілік етеді. Екінші орында 20 пайыз дауыс жинаған Вентспилс қаласының мэрі Айварс Лембергс басшылық ететін «жасылдар» мен шаруалар одағы тұр. Сонымен бірге, Латвияның қазіргі премьер-министрі Лаймдот Страуюм енетін «Бірлік» бірлестігі де 20 пайыз дауысқа ие болған.

2011 жылы «Согласие» партиясы сайлауда ең көп дауыс жиған. Бірақ өзге партиялар онымен әріптестіктен бас тартқандықтан бұл партия үкімет коалициясына кірмей қалған еді.

Екі миллионға жуық тұрғыны бар Латвияда дауыс беру құқығына ие бір жарым миллионға жуық азамат тіркелген. Латвиядағы парламент сайлауының түпкілікті нәтижесі үш аптаның ішінде белгілі болмақ.

XS
SM
MD
LG