Accessibility links

Алексей Луценко - «Алматы туры-2014» жеңімпазы


«Алматы туры-2014» халықаралық веложарысының жеңімпазы, «Pro Team Astana» командасының спортшысы Алексей Луценко.
«Алматы туры-2014» халықаралық веложарысының жеңімпазы, «Pro Team Astana» командасының спортшысы Алексей Луценко.

Қазақстандық «Pro Team Astana» командасының спортшысы Алексей Луценко бүгін Алматыда өткен «Алматы туры» халықаралық веложарысында мәреге бірінші боп жетті деп хабарлады Азаттық тілшісі.

Луценко 186 километрлік жарыс қашықтығын 4 сағат 12 минут 17 секундта жүріп өткен. Екінші орынды ресейлік Katusha командасының өкілі Сергей Чернецкий, үшінші орынды – тағы бір ресейлік RusVelo командасының өкілі Сергей Лагутин иеленді.

Алексей Луценко осы аптада Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында аяқталған Азия ойындарында да жеңіске жетіп, чемпион атанған болатын.

Осымен екінші жыл қатарынан өткізіліп жатқан жарысқа биыл 20 команда қатысты. Олардың арасында Astana Pro Team, Katusha, Giant-Shimano, Movistar, Omega Pharma – Quick-Step, Bardiane Valvole, CCC Polsat, Synergy Baku Cycling Project велоклубтары бар.

Былтырғыдай биыл да бұл жарыс Eurosport телеарнасы, қазақстандық «Алматы» және Kazsport телеарналарынан тікелей эфирде көрсетілді.

Былтыр «Алматы туры» халықаралық жарысында жеңімпаз болған «Pro Team Astana» командасының өкілі Максим Иглинский биыл «қанынан допинг табылды» деп айыпталған соң биылғы жарыстан шеттетілген.

XS
SM
MD
LG