Accessibility links

Ресейде доллар бағамы 40 рубльден асты


Мәскеудегі валюта айырбастау орындарының бірі. (Көрнекі сурет)
Мәскеудегі валюта айырбастау орындарының бірі. (Көрнекі сурет)

Бүгін Мәскеу қор биржасындағы ашық саудада бір АҚШ долларының бағамы 40 рубльден асты. Доллар бағамы биржаның бүгінгі алғашқы саудасында 8 тиынға өсіп, 40 рубль 04 тиынға жетті. Еуро да 22 тиынға қымбаттап, 50 рубль 15 тиынға таяды.

Доллар мен еуро құнын қоса алғандағы ортақ бивалюталық бағам 44 рубль 60 тиынға дейін өсті. 3 қазанда Ресей орталық банкі валюта жұбы бағамы шегін 10 тиынға дейінгі шамаға еркін жіберген. Соңғы рет орталық банк валюта жұбының шегін мамырдың басында өзгерткен.

Қазанның 1-і күні валюта жұбының құны белгіленген шегі - 44 рубль 40 тиыннан асып кеткен соң Ресей орталық банкі валюта бағамының құбылуын төмендету үшін валюталық интервенцияны қайта жүргізе бастаған еді.

XS
SM
MD
LG