Accessibility links

Максим Иглинский допинг тексеруден өтуден бас тартты


Велосипедші Максим Иглинский. Сурет спортшының Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парағынан алынды.

Қанынан допинг табылды делінген қазақстандық велоспортшы, «Астана» командасының мүшесі Максим Иглинский екінші рет қан тапсырудан бас тартты. Осыдан кейін «Астана» командасы қазанның 10-ы мен 14-і аралығында Қытайда өтетін биылғы жылғы әлемдік турлардың соңғысы саналатын «Пекин турынан» шеттетілді. Бұл жайында ақпарат велокоманданың ресми сайтында жарияланды.

Ал допингпен ұсталған Максим Иглинскийдің өзі командадан кетті. Оның велоспорттан қанша уақытқа шеттетілетіні алдағы уақытта белгілі болады.

2 қазан күні Максим Иглинскийдің қанында тыйым салынған эритропоэтин препараты бары анықталған еді. Ал тамызда оның бауыры, «Астана» командасының тағы бір мүшесі Валентин Иглинскийдің де қанынан осы препарат табылып, Қазақстан велоспорт федерациясының шешімімен ол төрт жылға спорттан шеттетілді.

XS
SM
MD
LG