Accessibility links

Сарышағанда әскери әуе күштерінің дайындығы өтіп жатыр


Қазақстан әскери ұшақтары. Астана, 7 мамыр 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Қазақстан әскери ұшақтары. Астана, 7 мамыр 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Бүгін Сарышаған полигонында Қазақстан әскери-әуе күштерінің жазғы тактикалық дайындығының соңғы кезеңі басталды.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, дайындықтың соңғы кезеңінде «әуе-әуе» және «әуе-жер» класындағы басқарылатын әскери мақсаттағы зымырандармен күндізгі және түнгі мезгілдерде әуедегі және жер үстіндегі нысандар атып түсіріледі. Зымырандарды атуға тәжірибелі және жас әскери қызметшілер қатысып жатыр.

Министрлік ақпаратында әскери-әуе күштерінің дайындығы қашан басталғаны туралы айтылмаған.

XS
SM
MD
LG