Қазақстанда үш жылдың ішінде электронды үкімет порталының барлық қызметтерінің мобильді нұсқасы пайда болады деп хабарлады бүгін Астанада "Global e-Government Forum 2014" форумында брифингте инвестиция және даму жөніндегі вице-министрі Асқар Жұмағалиев.
Қазақстанда электронды үкімет жүйесі "қалыптасқанын" айтқан Жұмағалеиев енді мобильдік нұсқадағы электронды үкімет қызметтері дамытыла бастайтынын, биыл 50-ге тарта электрондық қызмет түрі мобильді нұсқада ұсыну жоспары барын айтты.
Министрдің сөзінше, алдағы үш жылда электронды үкімет порталындағы барлық қызмет түрі мобильдік нұсқада ұсынылатын болады.