Accessibility links

Польша: Ресей саясатын өзгертпесе санкция күшейеді


Польша сыртқы істер министрі Гжегож Схетына.
Польша сыртқы істер министрі Гжегож Схетына.

Польша сыртқы істер министрі Гжегож Схетына Ресейді Украинадағы саясатын өзгертпесе санкциялар одан ары күшеюі мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы министр 7 қазанда Польшаның "Полсат" телеарнасында айтқан.

Украинаның шығысында бітімнің бұзылуы батыс елдері дипломаттарының Мәскеуге қысым жасауын күшейте түскен. Батыс елдері Ресейді Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистерге әскери көмек беріп отыр деп айыптайды. Бірақ Мәскеу оны жоққа шығарады.

"Егер Ресей қазіргі саясатын өзгертпесе, санкциялар күшейеді және Ресей оның әсерін сезе түсетін болады" деген Схетына.

"Барлық Еуропа елдері Австралия, АҚШ және Канадамен бірге мұндай саясатқа жол бермейтінін мәлімдейді. Польша да бұған қосылады" деді ол.

XS
SM
MD
LG