Accessibility links

Алматыда даулы постер бойынша сот басталды


Havas Worldwide Kazakhstan агенттігі салдырған постер эскизі.
Havas Worldwide Kazakhstan агенттігі салдырған постер эскизі.

Бүгін Алматының Алмалы аудандық 2-сотында Құрманғазы мен Пушкиннің суреті бейнеленген даулы постерге қатысты сот басталды. Оған шағым беруші жақтан Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының студенттері атынан келген заңгер Нұртас Ахметов пен Havas Worldwide Kazakhstan жарнама агенттігінің өкілдері және компанияның мүддесін сотта қорғаушы адвокат Жохар Өтебеков қатысты.

Тыңдау барысында шағым беруші жақ жарнама туралы заңға сүйенгенімен олардың нақты қандай негізде моральдық шығын талап етіп отырғаны түсініксіз күйде қалған.

– Біз шағым беруші жақтың адвокатынан олардың талаптарын анықтауға тырыстық. Оның өзі (Нұртас Ахметов - ред.) сот отырысында «дайын емеспін» деп айтты. Сол себепті көптеген сұрақтар анықталмаған күйде қалды, - дейді Жохар Өтебеков сот отырысынан соң журналистерге.

Оның айтуынша, судья Талғат Садықов қосымша дайындыққа және мәселені бейбіт түрде шешу туралы ойлануға үш күн берген.

Ал шағым беруші жақ журналистердің сұрақтарына жауап беруден бас тартты.

Келесі сот 16 қазан түскі сағат үшке белгіленді.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG