Эстония постсоветтік мемлекеттер арасында алғаш болып біржынысты некеге рұқсат етті.
Эстония президенті Тоомас Хендрик Ильвес 9 қазан күні "парламенттің біржынысты некеге рұқсат ететін заң жобасын қабылдағанын" хабарлаған. Президенттің айтуына қарағанда, "эстон қоғамында өз азаматтарына қатысты төзімсіздік жоқ".
Заң жобасын үшінші әрі соңғы оқылымда 40 депутат қолдаған, 38 депутат қарсы дауыс берген. Дауыс беруге 23 депутат қатыспаған немесе қалыс қалған.
Заң 2016 жылдан бастап күшіне енеді. Ол біржынысты жұптарға екеуінің бірінің баласын асырап алуға рұқсат береді, бірақ басқа балаларды асырап алуға тыйым салады.