Accessibility links

Ақтөбеде жас кәсіпкерлер форумы басталды


10 қазанда Ақтөбеде Қазақстанның жас кәсіпкерлерінің 1-форумы басталды.

Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің өкілі Әлия Сәрсекееваның айтуынша, форумның мақсаты - жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін үздіксіз қызмет жасайтын арнайы платформа құру, жастар арасындағы бизнес бастамаларды дамыту және бизнес қауымдастығы мен мемлекет арасындағы байланысты нығайту.

Форумға Қазақстанның барлық аймағынан 300-ге тарта кәсіпкер қатысып жатыр. Олардың жас шамасы 19 бен 29 аралығында. Олар екі жақты кездесулер мен тренингтерге қатыспақшы.

Форумның алғашқы күні Ақтөбе облысының ең үздік жас кәсіпкерлері марапатталды.

Ақтөбе облысының 130 мыңнан астам тұрғынының жеке кәсібі бар. Бірақ солардың қанша пайызы 30-ға дейінгі жастар екені туралы ресми мәлімет жоқ. Биыл "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы бойынша облыстағы 52 жас кәсіпкер 3 миллион теңгеден несие алған.

XS
SM
MD
LG