Accessibility links

2016 жылы өтетін футболдан Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстан мен Нидерланд құрамалары ойнады. Бұл ойында Қазақстан футбол командасы 1-3 есебімен жеңіліп қалды.

Алайда есепті қазақстандық футболшылар ашқан еді. Алғашқы голды Ренат Абдуллин соқты. Бірақ Қазақстан құрамасы 1-таймдағы жеңісін ұстап қала алмады.

2-таймда Нидерланд футболшылары Хунтелаар, Афеллай және Ван Перси гол салды.

13 қазан күні Қазақстан ұлттық құрамасы «Астана-Арена» стадионында Чехия футбол командасымен ойнайды.

XS
SM
MD
LG