Accessibility links

Германияда күрдтер ИМ тобына қарсы шеру өткізді


«Күрд студенттері одағы» туына оранған бойжеткен Сириядағы күрдтерді қорғауға шақырған акцияда тұр. Мюнхен, Германия, 9 қазан 2014 жыл.
«Күрд студенттері одағы» туына оранған бойжеткен Сириядағы күрдтерді қорғауға шақырған акцияда тұр. Мюнхен, Германия, 9 қазан 2014 жыл.

Германияның Дюссельдорф қаласында сенбі күні мыңдаған этникалық күрд шеруге шығып, әлемдік қауымдастықтан Сирияның Кобани қаласындағы күрд тұрғындарын «Ислам мемлекеті» радикалдық экстремистер тобының қырғынынан аман алып қалуды талап етті.

Солтүстік Рейн-Вестфалия аймағының парламенті алдында өткен көпшілік шараға қатысушылар ресми Берлиннен Түркия үкіметіне қысым жасап, Сириядан қарусыз күрд босқындарының өтуіне арнайы дәліз ашуға көндіруді талап етті. Шерушілер бұл дәлізді Сириядағы соғысты шекарада сырттай бақылап қана тұрған түрік армиясы қамтамасыз етуі керек деп санайды.

Сонымен бірге Германияда тұратын күрдтер стратегиялық маңызы бар Кобани қаласын қорғау үшін Сириядағы күрд жасақтарын қару-жарақпен қамтамасыз етуге шақырады.

Сенбі күні Tagesspiegеl am Sonntag басылымына сұхбатында Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер Берлин «араб елдерін, Түркия мен Иранды «Ислам мемлекеті» тобына қарсы бірге іс-әрекет ету қажеттігіне көндіруге тырысатынын» мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG