Accessibility links

Осака: Зарина Дияс финалда ұтылды


Зарина Дияс.
Зарина Дияс.

Қазақстан теннисшісі Зарина Дияс бүгін Жапония ашық чемпионатының финалында австралиялық Саманта Стосурден жеңіліп қалды – 6:7, 3:6.

Саманта Стосур әлемдік теннис рейтингінде 18-орында тұр.

Қазір осы тізімде 37-ші болып тұрған 20 жастағы Зарина Диястың бұл WTA (Халықаралық әйелдер теннисі қауымдастығы) турнирлеріндегі алғашқы финалы. Ол бұған дейін ITF (Халықаралық теннис федерациясы) турнирлерінің финалында ойнаған еді.

XS
SM
MD
LG