Accessibility links

Пентагон: Бағдадтағы жағдай толық бақылауда


АҚШ қорғаныс министрі Чак Хейгель.
АҚШ қорғаныс министрі Чак Хейгель.

Ирак қауіпсіздік күштері Бағдадтағы жағдайды толық бақылауда ұстап отыр деп мәлімдеді Чилиде сапармен жүрген АҚШ қорғаныс министрі Чак Хейгель. Сенбінің кешінен бері Ирак астанасында автокөліктерге қойылған бірнеше бомба жарылыстары салдарынан 38 адам қаза тауып, ондаған кісі жараланған. Бұл уақытта Бағдадтан батыс жаққа қарай орналасқан Анбар провинциясында «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы жасақтары үкімет әскеріне шабуылын жалғастырды.

Ирактың солтүстігінде АҚШ әскери авиациясы исламшыл радикалдардың құрсауында қалған үкімет күштеріне азық-түлік, су, оқ-дәрі жеткізу мақсатындағы десанттық операцияны жүргізіп жатыр.

Сенбі күні Хейгель «Ислам мемлекеті» экстремистеріне қарсы соғысуға ниет білдірген сириялық «ұстамды көтерілісшілерді» жаттықтырып, қажетті заттармен қамтамасыз етуге қатысты Түркиямен келіссөздерде «айтарлықтай ілгерілеу» барын мәлімдеген.

Хейгельдің айтуынша, коалиция әуе күштерінің берген соққысы исламшыл радикалдар Сирияның Кобани қаласының ішінде алға жылжуын бәсеңдетуге әсер еткен. Сонымен бірге Пентагон басшысы әлі де Кобани қаласын исламшыл топтың басып алу қаупі барын айтқан.

XS
SM
MD
LG