Accessibility links

Сотта Мүсілім Өміраевқа соңғы сөз берілді


Астана қалалық соты. (Көрнекі сурет)
Астана қалалық соты. (Көрнекі сурет)

Астананың мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотында өтіп жатқан сот процесінде бұрынғы ауылшаруашылық министрінің орынбасары Мүсілім Өміраевке соңғы сөз берілді деп хабарлайды жергілікті ақпарат құралдары.

BNews сайтының хабарлауынша, сотта Өміраев басты куәгерлерге өзіне қарсы куәлік беру үшін "қылмыстық кодекстің 312-бабы бойынша айып тағылып, қысым жасалғанын" айтқан.

"Барлық тергеу жұмыстары пара алғанын көрсетуге бағытталды. Куәгерлер маған қарсы куәлік бермейінше оларға қысым көрсетілді. Олар сөздерін өзгертіп, маған қарсы куәлік бере бастаған соң тергеушілер оларға тағылған бапты өзгертіп, қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Іс материалдарында бұның барлығы бар" деген Өміраев.

Бұдан соң істі жүргізіп жатқан судья Ербол Рахымбеков сот үкімі 16 қазанда жарияланатынын айтқан. Бұған дейінгі сот отырысында прокуратура өкілі айыпкер Мүсілім Өміраевты кінәлі деп тауып, оған 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.

Мүсілім Өміраевті полиция былтыр 21 желтоқсан күні "жеке кәсіпкерден тендерді жеңіп алуға көмектесу үшін 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алған" деген күдікпен ұстаған еді. Ұсталған күні оның үстінен "аса ірі көлемде пара алу" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

2 қыркүйекте басталған сот отырысында Өміраев өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG