Accessibility links

Боливия президенті сайлауда жеңгенін мәлімдеді


Боливия президенті Эво Моралес.
Боливия президенті Эво Моралес.

Боливия президенті Эво Моралес 12 қазанда өткен президент сайлауында өзінің "айқын жеңіске жеткенін" жариялады.

Моралес сайлауда жеткен нәтижесін "социалистердің елде кедейлікті жою бағытында жүргізген реформаларының жетістігі" деп атады.

Экзит-полл мәліметтері бойынша, Эво Моралес сайлауда 60 пайыз дауыс жинап, барлық қарсыластарынан басым түсіп, үшінші мерзімге қайта сайланған.

54 жастағы Моралес алғаш 2006 жылы президент болып сайланған. Кокаин өсірумен байланысы бар кедей отбасында туған Моралес - жергілікті байырғы үндістерден шыққан тұңғыш президент.

Ол маңызды өнеркәсіп орындарын, оның ішінде мұнай-газ секторын мемлекет меншігіне алу саясатын жүргізген. Моралестің тұсында Латын Америкасындағы кедей елдердің бірі Боливияда жыл сайынғы экономикалық өсім орта есеппен бес пайызды құрады.

12 қазанда мыңдаған жақтасы алдында сөйлеген Морелас: "Сайлау шын мәнінде мемлекет меншігіне алу мен жекешелендірудің арасындағы талас болды. Мемлекет меншігіне қайтару жеңіске жетті" деп мәлімдеді. Ол сайлаудағы жеңісін Куба революциясының көсемі Фидель Кастроға арнайтынын айтты.

XS
SM
MD
LG