Accessibility links

Сирияда Грузиядан барған "жиһадшы" оққа ұшқан


Сирияның Кобани қаласындағы соғыс көрінісі. 12 қазан 2014 жыл.
Сирияның Кобани қаласындағы соғыс көрінісі. 12 қазан 2014 жыл.

Радикалдық «Ислам мемлекеті» ұйымының қатарында соғысып жүрген бір шетелдіктің - Грузияның Панкиси аймағынан барған Гурам Гумашвилидің қаза тапқаны хабарланды.

Грузияның Ахмета аудандық муниципалитеті шенеуніктерінің дерегінше, Панкиси аймағының Дуиси ауылынан шыққан 22 жастағы Гурам Гумашвили Сирияның Кобани қаласындағы ұрыстарда мерт болған.

Гумашвилидің туыстары оның Түркияға жұмыс істеуге кеткенін ғана білетіндерін, Сирияға қашан барғанынан хабарсыз екендерін айтады.

Гурам Гумашвили – Панкиси аймағының Сириядағы ұрыстарда қаза тапқаны ресми түрде расталған жетінші адамы. Кейбір ақпараттар бойынша, Ресейдің Солтүстік Кавказ аймағымен шектесетін Панкисиден Сириядағы соғысқа жүзге тарта адам кеткен.

XS
SM
MD
LG