Accessibility links

Шыңжаңда 12 адам өлім жазасына кесілді


Бала көтерген әйел мен полицейлер. Шыңжаң, Қытай. (Көрнекі сурет)
Бала көтерген әйел мен полицейлер. Шыңжаң, Қытай. (Көрнекі сурет)

Қытай соты Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданында шілде айында болған оқиғаларға байланысты қозғалған іс бойынша адамды өлім жазасына кесті.

Мемлекеттік агенттіктердің бірінің хабарлауынша, және тоғыз адам сот үкімімен өмір бойына, 20 адам – төрт жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімдерге бас бостандығынан айырылған. Тізімдегі сотталушылардың аты-жөні олардың негізінен ұйғыр ұлтының өкілдері екенін көрсетеді.

Қытай билігі 28 шілде күні полиция бекеті мен әкімшілік ғимараттарға жасалған шабуылдарға осы сотталған адамдардың қатысы бар деп отыр. Ол шабуылдардан 37 бейбіт тұрғын мен 59 «терроршы» қаза тапқаны хабарланған еді.

Ұйғыр құқыққорғаушылары 28 шілдеде қауіпсіздік қызметі наразылық акциясына қатысқан ұйғырларға оқ атып, жүзге жуық адамды өлтірді деп санайды.

XS
SM
MD
LG