Accessibility links

Өзбекстан биыл үш миллион тонна мақта өндірмек


Өзбекстандағы мақта алқабы. (Көрнекі сурет).
Өзбекстандағы мақта алқабы. (Көрнекі сурет).

Өзбекстан премьер-министрі Шавкат Мирзияев өз елі биыл 1 миллиард АҚШ долларының текстиль өнімін экспорттағанын және бұл көрсеткіш өсуі мүмкін екенін мәлімдеді.

13 қазанда Ташкентте жыл сайын өтетін мақта жәрмеңкесінде сөйлеген Мирзияев Өзбекстан 2013 жылы 3.3 миллион тонна мақта өндіргенін және бұл көрсеткіш биыл да сақталуы тиіс екенін айтты.

Өзбекстан – әлемде мақта экспорты бойынша бесінші орында. Мирзияев АҚШ пен басқа да елдердің Өзбекстанды тұрғындарды, оның ішінде балаларды мақта жинауға мәжбүрлейді деп сынайтынын айтты.

Өзбекстан үкіметі мақта жинау науқанына мемлекеттік мекеме қызметкерлерін, әсіресе студенттер мен оқушыларды салады. Өзбекстанда бала еңбегін пайдалануға 2008 жылы тыйым салынғанымен, мақта жинау науқанында ол талап сақтала бермейді.

XS
SM
MD
LG