Accessibility links

Астанада блогердің сурет көрмесі ашылды


Блогер, суретші Аңсаған Мұстафаның сурет көрмесі. Астана, 14 қазан 2014 жыл.
Блогер, суретші Аңсаған Мұстафаның сурет көрмесі. Астана, 14 қазан 2014 жыл.

Бүгін Астанадағы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жергілікті блогер, суретші Аңсаған Мұстафаның әлеуметтік тақырыптарға арналған сурет көрмесі ашылды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, көрмеге автордың Facebook әлеуметтік желісінде және басқа да жерлерде жарияланған елуге тарта суреті қойылған. Шығармалардың авторы Аңсаған Мұстафаның айтуынша, әлеуметтік тақырыптарда сурет салуының мақсаты – жастарды маскүнемдікке шалдығу, жасанды түсік сияқты проблемалардан сақтандыру.

Көрмеге негізінен блогердің әлеуметтік желідегі таныстары, студенттер барып жатыр.

Астанадағы көрме екі апта бойы өтеді.

XS
SM
MD
LG