Accessibility links

Мәжіліс терроризм заңына түзетулерді мақұлдады


Парламент мәжілісі, Астана. (Көрнекі сурет).
Парламент мәжілісі, Астана. (Көрнекі сурет).

Бүгін Қазақстан парламенті мәжілісі пленарлық отырысында сенаттың «Қазақстан республикасының экстремизм және терроризммен күрес мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына енгізген өзгерістерін мақұлдады.

Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік істері жөніндегі комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, сенат заң жобасына төрт түзету енгізген. Олар жобаның негізгі концепциясын өзгертпейді және бұл өзгерістер жойылған кейбір мемлекеттік органдардың экстремизм және терроризммен күрестегі функцияларын өзге құрылымдарға берумен байланысты қабылданған.

Заң жобасы бойынша, Қазақстанда сот шешімімен террористік деп танылған ұйымдар бірден жабылады. Ұйымды экстремистік немесе террористік деп тану процедуралары жеңілдетіледі. Түзетулер енгізілген соң ұйымды экстремистік деп тануға екі ай уақыт кетеді.

Заң жобасында террористік сипаттағы үгіттеу материалдарын таратқан интернет сайттары мен ақпарат құралдарын бұғаулау да қарастырылған. Құжатта мемлекеттің экстремистік немесе террористік деп танылған ұйымның дүние-мүлкін тәркілеуіне құқық беру де көзделген.

Жоба бойынша, экстремистік немесе террористік қылмыстары үшін сотталып, жазаларын өтегендердің қаржылық операцияларына бақылау жүргізіледі. Шетелге шыққан қазақстандықтарға экстремистік және террористік ұйымдардың іс-әрекетіне қатысқаны үшін жауапқа тартылатыны туралы ескертіледі.

XS
SM
MD
LG