Accessibility links

«Ат-такфир уаль-хиджра» қызметіне тыйым салынды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Бүгін Қазақстан бас прокуратурасы халықаралық «Ат-такфир уаль-хиджра» ұйымының экстремистік деп танылып, Қазақстан аумағындағы қызметіне тыйым салынғанын хабарлады.

Прокуратураның мәліметінше, бұл туралы шешімді 18 тамызда Астана қалалық прокурорының сұрауы бойынша Астананың Сарыарқа қалалық соты шығарған.

Сот шешім шығарарда «Ат-такфир уаль-хиджра» ұйымын «экстремистік бағыттағы қызметтері туралы материалдармен қоса Ресейде, Қырғызстанда, АҚШ-та, Түркия мен Еуропа Одағында да бұл ұйымға тыйым салынғанын» ескерген.

Күшіне енген сот шешімі бойынша, бұл ұйымның қызметіне қатысу, қаржыландыру, идеологиясын насихаттау сияқты әрекеттерге тыйым салынады.

XS
SM
MD
LG