Accessibility links

Бішкекте наразы белсенділер ұсталды


Қырғызстан астанасы Бішкек қаласы. (Көрнекі сурет)
Қырғызстан астанасы Бішкек қаласы. (Көрнекі сурет)

Бүгін Бішкекте электр қуатының қымбаттағанына наразылық танытқан бес белсендіні полиция ұстап әкетті деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Электр қуатының 50 пайызға қымбаттауына наразылық білдіріп Бішкектің орталығындағы Горький паркінде акция өткізген «Жаңа ұрпақ» қозғалысының елуге жуық белсендісі бағаның өсуіне байланысты елдің бұрынғы энергетика министрі Осмонбек Артыкбаевтың жауапкершілікке тартылуын талап еткен.

Наразылар паркте аштық жариялауға дайындалып киіз үй тіге бастағанда полиция бес адамды ұстап әкеткен.

Бішкек қалалық ішкі істер басқармасының ресми өкілі Бакыт Сейітов Азаттыққа белсенділер «рұқсат етілмеген жиын өткізгені үшін» ұсталғанын айтты.

XS
SM
MD
LG