Accessibility links

Миланда "Еуропа-Азия" форумы саммиті басталады


Милан қаласы. Көрнекі сурет.
Милан қаласы. Көрнекі сурет.

Миланда бүгін Еуропа мен Шығыс Азияның 51 елінің қатысуымен «Еуропа-Азия» форумының 10-саммиті басталады.

«Экономикалық өсім мен қауіпсіздіктегі жауапты серіктестік» деген тақырыппен өтетін саммитке Еуропа мен Азия елдерінің басшылары, Еуропа Одағының жетекшілері және Ресей президенті Владимир Путин, Украина президенті Петр Порошенко қатысады.

Форум аясында екіжақты кездесулер де жоспарланып отыр.

Саммит қарсаңында Германия канцлері Ангела Меркель Миланда Путинмен кездесіп, Украинаға қатысты мәселелерді талқылайтынын айтқан. Сонымен бірге саммит барысында Порошенко мен Путин келіссөздер жүргізеді.

Бұған дейін Ақорданың баспасөз қызметі Миландағы саммитке Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысатынын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG