Accessibility links

Путин Белградта әскери парадқа қатысады


Ресей президенті Владимир Путин.
Ресей президенті Владимир Путин.

Ресей президенті Владимир Путин ресми сапармен Сербияға барады. Мұнда ол бүгін Сербия басшыларымен кездесіп, осы елде соңғы 30 жылда бірінші рет өткізілгелі отырған әскери парадқа қатысады.

Белградтың 1944 жылы нацистерден азат етілуінің жетпіс жылдығы атап өтіліп жатқан Сербия билігі Путинді жылы қабылдайды деп болжанып отыр. Сербия Белградтың азат етілуіне байланысты өткізілетін шараларды Путиннің қатысуы үшін төрт күнге шегерген.

Сербияның Еуропа Одағына кіру ниеті барына қарамастан, Белград пен Мәскеудің байланысы Еуропа Одағы Ресейге санкциялар салған соң беки түскен.

Путин Сербияда осы ел президенті Томислав Николичпен және премьер-министрі Александр Вукичпен кездеседі. Келіссөздерде әскери және экономикалық ынтымақтастық, оның ішінде Сербияның Оңтүстік ағын газ құбыры жобасына қатысу жайы талқыланбақ.

XS
SM
MD
LG