Accessibility links

Гонконг полициясы шерушілерге тағы газ шашты


Гонконгтегі шерушілер мен полицияның қақтығысы. 15 қазан 2014 жыл.
Гонконгтегі шерушілер мен полицияның қақтығысы. 15 қазан 2014 жыл.

Гонконг полициясы бүгін демократиялық нормалардың сақталуын талап еткен шерушілерге аймақ басшысының кеңсесі маңындағы маңызды жолды жаптырмау үшін көзден жас ағызатын газ шашты.

Гонконг басшысы кеңсесіне жақын Ван Чай ауданындағы полицияның штаб-пәтеріне жүздеген адам жиналып, 15 қазанда қақтығыстарда полицияның шерушілерді соққыға жыққанына қарсы шағым жазуға кезекке тұрды.

Гонконгте екі аптадан аса уақытқа созылған шерулерге 100 мың адамға дейін қатысқан кездер болған. Қазір ол көрсеткіш біртіндеп азайған.

Негізінен студенттер мен Occupy Central деп аталатын ұйымға қатысушылардан тұратын наразылар биліктен 2017 жылға белгіленген жергілікті әкімшілік басшысын сайлаудың еркін болғанын талап етеді. Ресми Пекин болса жергілікті сайлауға кандидаттарды орталық билік өзі іріктегені дұрыс деп санайды.

XS
SM
MD
LG