Accessibility links

Борышкерді үйінен шығару кейінге қалды


Борышкердің үйінде
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:02:58 0:00

Борышкер Күлән Қайыпованы үйінен шығару кейінге қалды. Алматы, 16 қазан 2014 жыл.

Қазанның 16-сы күні Алматыда ипотекаға алған пәтерінің қарызын төлей алмағаны үшін сот үкімі бойынша баспанасынан шығарылуы керек болған Күлән Қайыпованың үйіне сот орындаушылары келді. Түскі сағат 11 кезінде келген сот орындаушылары пәтерде ешкім болмаған соң есіктің құлпын сындырып, жаңа құлып салған.

Сот орындаушылары пәтер есігін мөрлеп жатқан кезде үй иесі Күлән Қайыпова мен бірнеше қоғамдық ұйым белсенділері келді. Пәтер иесі сот орындаушыларының ісіне қарсылық танытып, ипотека беруші компания - «БТА ипотека» басшылығымен келісім жасауға мұрсат берулерін сұрады.

Банктің жауабын күтіп тұрған кезде бірнеше белсенді сот орындаушылары салған жаңа құлыпты бұзбақ болды. Есік алдында өрт сөндіру және жедел жәрдем көліктері тұрды. Көліктердің бірі біраздан кейін қан қысымы көтерілген Күлән Қайыпованы ауруханаға алып кетті.

Түстен кейін сағат 15.30 шамасында «БТА ипотека» басшылығы пәтер иесінің өтінішін орындағаны - сот шешімін жүзеге асыру кейінге қалғаны мәлім болды. Сот орындаушылары пәтер есігіне өздері жаңадан орнатқан құлыптың кілтін Күлән Қайыпованың қызы Алтынай Мұратбековаға берді.

Қазақстанда банктерден несие алып, ақшасын төлей алмай қалған борышкерлер әрекеті назарға жиі іліге бастады. Билік орындары банк пен клиенттердің арасындағы дауға араласа алмайтынын айтса, банк өкілдері несие алған азаматтарға заң аясында талап қойып отырғандарын мәлімдейді.

XS
SM
MD
LG