Accessibility links

Қазақстандық велоспортшы допинг қолданды деп айыпталды


Халықаралық велоспорт федерациясы (UCI) қазақстандық жас велоспортшы Илья Давыденоктың қанынан стериод препараты табылғаны туралы хабарлады. Ол 1-тамыздан бері "Астана" кәсіби велокомандасында сынақта жүрген.

Давыденок 27-тамызда "Астана" клубының құрамында "Тур де л'Аверин" жарысын ұтып алған еді. Сол турдан кейін жүргізілген тексеріс кезінде спортшының қанынан допинг табылған. Бұл жайтқа байланысты қазақстандық команда әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Илья Давыденок биыл Қазақстан чемпионатын ұтып алған. Ол бірнеше жыл жас велоспортшылардан құрылған "Астана-континентал" құрлықтық командасының құрамында болған.

Бұған дейін "Астана" кәсіби велокомандасының сапында осыған дейін ағайынды Максим және Валентин Иглинскийлер допингпен ұсталып, командадан шеттетілген еді.

Қазір UCI "Астана" командасындағы велоспортшыларды толық допинг тексерістен өткізуді қарастырып жатыр.

XS
SM
MD
LG