"Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Миландағы "Азия-Еуропа" форумы саммиті аясында Германия канцлері Ангела Меркельмен және Нидерланд корольдігінің премьер-министрі Марк Рюттемен кездесті" деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Назарбаевтың 16 қазан күні өткен Меркельмен және Рюттемен екі жақты кездесулерінде сауда-экономикалық, инвестициялық және басқа да салалардағы өзара іс-қимылды одан ары нығайту мәселелері талқыланған. Басшылар бұған қоса, өңірлік және халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасқан.
Назарбаев Миланда "Азия-Еуропа" форумы саммитінің 10-пленарлық сессиясына қатысты.