Accessibility links

"Рысқалиев тобының" сотында жарыссөз басталды


Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев.

Бүгін Атырауда облыстың бұрынғы әкімі "Бергей Рысқалиев құрды" деп сипатталатын топтың үстінен жүріп жатқан сотта жарыссөз кезеңі басталды.

Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынан Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бұл іс бойынша 22 айыпталушы жауапқа тартылып жатыр.

"Рысқалиев тобына" қатысты сот процесі қаңтардың 23-і күні басталған.

Бұған дейін Қазақстан қаржы полициясы "Рысқалиев пен ол ұйымдастырған топ өкілдері жасаған ауыр және аса ауыр коррупциялық, экономикалық қылмыстардан мемлекетке 71 миллиард теңгеден астам зардап келгенін" хабарлаған еді.

Қаржы полициясы қылмыстық топ мүшелері ретінде айып тағылған 22 адамға қатысты қылмыстық іс бір бөлек, Бергей Рысқалиев пен оның інісі Аманжан Рысқали және олардың тағы 9 серігіне қатысты қылмыстық іс жеке қарастырылады деп мәлімдеген.

Ағайынды Рысқалиевтерге қатысты соттың қашан өтетіні әлі белгісіз.

  • 16x9 Image

    Сәния ТОЙКЕН

    Сәния Тойкен Азаттық радиосында 2007 жылдан бері жұмыс істейді. ҚазҰУ-дің журналистика факультетін бітірген. Республикалық  "Қазақстан пионері", "Жас Алаш" газеттерінде тілші болған. Қазақстан Республикасы Жекешелендіру жөніндегі комитетінің баспасөз хатшысы қызметін атқарған. Атырау облыстық "Ақ Жайық" газетінде  тілші, қазақ редакциясының редакторы, Маңғыстау облысында шығатын "Не хабар?!" апталығының редакторы болып жұмыс істеген. 

    Сәния Тойкен 2017 жылы журналист әйелдердің халықаралық қоры (IWMF) тағайындаған "Журналистикадағы батылдығы үшін" сыйлығын иеленді. Ол - бұл беделді сыйлықты алған алғашқы қазақстандық журналист.

XS
SM
MD
LG