Accessibility links

Параазиялық ойындар басталды


Мүгедектер арасындағы отырып ойнайтын волейбол. (Көрнекі сурет)
Мүгедектер арасындағы отырып ойнайтын волейбол. (Көрнекі сурет)

Бүгін, 18 қазан Инчхонда (Оңтүстік Корея) параазиялық ойындар басталды.

Мүгедектер арасындағы Азия ойындарына Қазақстаннан 84 спортшы қатысады. Олар садақ ату, атлетика, дзю-до, пауэрлифтинг, нысана көздеу, жүзу, үстел теннисі, отырып ойнайтын волейбол, мүгедектер арбасында отырып билеу сынды спорт түрлерінен жарысқа қатысады.

Қазақстан параазиялық ойындарда 20 медаль (3 алтын) алуды жоспарлап отыр.

Параазиялық ойындарға құрлықтың 40 елінен 4 мың 800 спортшы қатысады. Жарыс 24 қазан күні аяқталады.

2010 жылы Гуанчжоуда өткен параазиялық ойындарда Қазақстаннан 63 спортшы қатысып, олар екі күміс, бес қола медаль ұтқан.

XS
SM
MD
LG