Гонконгте 19 қазан күні таңертең демонстранттар мен полиция арасында қақтығыс болды. Тәртіп сақшылары шерушілерге қарсы резина сойылдар мен көзден жас ағызатын газ қолданды.
Бірнеше шеруші жарақат алды. Оларға медициналық жәрдем көрсетілді.
Көшедегі қақтығыстардан бірнеше сағат бұрын Пекиннің нұсқауларын орындап отырған жергілікті администрация басшысы Лян Чженьин студенттермен 21 қазан күні кездесуді ұсынған.
Демонстранттар Гонконг әкімдігінің басшысын еркін сайлауды талап етеді. Сайлау 2017 жылы өтуі керек. Алайда Қытай үкіметі сайлауға түсетін кандидаттарды өзі ұсынғысы келеді.