Accessibility links

Параазиялық ойындарда Қазақстан 3 медаль алды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Инчхонда басталған параазиялық ойындардың алғашқы күні – 19 қазанда Қазақстан спортшылары үш медаль иеленді.

Қазақстан құрамасынан Әнуар Ахметов 50 метр және 400 метрге еркін әдіспен жүзу жарысында екі рет күміс медаль алды. Ол екі қашықтықта да өзбекстандық Дмитрий Хорлиннен ғана ұтылды. Әнуар Ахметов S12, яғни көзі өте нашар көретін спортшылар категориясында жарысқан.

Ал S5 категориясында (көзі орташа деңгейде көрмейтін спортшылар) сынға түскен Виталий Ли 50 метрге еркін әдіспен жүзуде қола медаль иеленді.

Параазиялық ойындар 24 қазанда аяқталады.

XS
SM
MD
LG