Accessibility links

Түркия Сирия күрдтеріне қару беруден бас тартты


Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Сириядағы күрдтердің Демократиялық одақ партиясын қаруландыру жөніндегі ұсыныстарды қабылдамай тастады. Бұл жайында ол Кабулға сапарынан қайтып келе жатқанында айтты.

Ердоған Демократиялық одақ партиясын «Түркияда елдің оңтүстік-шығыс бөлігін бөліп алу үшін партизандық іс-қимыл жүргізіп, қызметіне тыйым салынған Күрд жұмысшы партиясы сияқты ұйым» деп атады.

Демократиялық одақ партиясының әскери қанаты бірнеше аптадан бері Сирияның Түркиямен шекарасындағы Кобани қаласын қоршаған радикалдық «Ислам мемлекеті» тобымен кескілескен шайқас жүргізіп жатыр.

Өткен аптада Франция президенті Франсуа Олланд Түркияны Кобаниге әскери көмек беру үшін шекарасын ашуға шақырған.

XS
SM
MD
LG