Accessibility links

Австралия Иракқа 200 сарбаз жөнелтпек


Австралия сыртқы істер министрі Джулия Бишоп.
Австралия сыртқы істер министрі Джулия Бишоп.

Австралия сыртқы істер министрі Джулия Бишоп осы ел үкіметі «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы күреске қолдау көрсету үшін Иракқа 200 австралиялық сарбаз жіберуге Бағдадпен келісім жасасқанын мәлімдеді.

Иракта екі күндік сапармен болған Джулия Бишоп түпкілікті келісім жасасу үшін Ирак үкіметі өкілдерімен кездесу өткізгенін айтады. Оның сөзінше, Біріккен Араб Әмірліктерінде бұйрық күтіп жатқан австралиялық арнайы жасақ сарбаздары енді Иракқа жөнелтілмек.

Бишоптың айтуынша, австралиялық әскерилер Ирак үкіметіне «қауіпсіздік қызметін нығайтуға көмектеспек». Министр әскерилер ұрыстарға, әскери қимылдарға қатыспайтынын, тек әскери емес миссияны атқаратынын жеткізді.

Австралия «Ислам мемлекеті» ұйымына қарсы АҚШ-тың әскери әуе күштерінің операциясын алғаш болып қолдаған елдердің бірі.

XS
SM
MD
LG