Accessibility links

Ресей: Швеция жағалауында сүңгуір қайығымыз жоқ


Сүңгуір қайықты іздеу
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:36 0:00

ВИДЕО: Швецияда белгісіз сүңгуір қайықты іздеу шаралары жалғасып жатыр.

Швеция жағалауында теңізде ресейлік сүңгуір қайығы жүруі мүмкін деген ақпаратты Мәскеу жоққа шығарды. Ресей сыртқы істер министрлігінің 19 қазанда таратқан мәлімдемесінде «Ресей әскери кемелеріне қатысты ешқандай штаттан тыс, әсіресе апатты жағдай болған жоқ» делінген.

Швецияның Svenska Dagbladet басылымы швед әскери кемелері мен тікұшақтары 17 қазаннан бері белгісіз сүңгуір қайықты іздестіріп жатқаны жайлы жазды. Басылым дерегінше, швед әскерилері ресейлік сүңгуір қайықтан Калининградтағы әскери-теңіз күштері базасына жіберілді делінген апат дабылын тіркеген.

Швед әскерилері басылымда жарияланған деректерге қатысты түсінік беруден бас тартып отыр.

XS
SM
MD
LG