Accessibility links

Албания премьері Сербияға сапарын кейінге қалдырды


Сербия мен Албания құрамалары арасындағы футбол матчында ұшып жүрген Албания туы бар пилотсыз аппарат. Белград, 14 қазан 2014 жыл.
Сербия мен Албания құрамалары арасындағы футбол матчында ұшып жүрген Албания туы бар пилотсыз аппарат. Белград, 14 қазан 2014 жыл.

Албания премьер-министрі Эди Раманың Сербияға жоспарланған тарихи сапары өткен аптада екі елдің футбол құрамалары арасындағы матч кезіндегі төбелестен соң саяси жанжал күшейгендіктен келесі айдың басына қалдырылды.

Сербия премьер-министрі Александр Вучичтің мәлімдеуінше, үкімет басшылары жоспарланғандай 22 қазанда емес, 10 қарашада кездесуді ұйғарған. Мәлімдемеде «Премьер-министрлер кездесу мүмкіндігін жіберіп алмай, аймақтағы тұрақтылыққа жұмыс істеуді және екі елдің саяси және экономикалық салалардағы қарым-қатынасында жаңа парақтарды ашуды қажет деп санайды» делінген.

14 қазанда Белградта Албания мен Сербия құрамалары арасында футболдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу матчы ойыншылардың өзара төбелесі кесірінен өтпей қалған. Ойын кезінде стадионның үстінен ұшырылған пилотсыз ұшақтағы Албания туын серб командасы ойыншыларының бірі жұлып тастаған соң бәсекелес команданың ойыншыларымен арада жанжал туған. Сербия мемлекеттік телеарнасы жанжалға себеп болған туға байланысты стадиондағы арнайы орындар бөлігінде (VIP) Албания премьер-министрі Эди Раманың бауыры ұсталғаны туралы хабарлаған.

Мәлімдемеде Албания мен Сербия премьерлерінің футбол матчындағы оқиғаға «қатты қынжылыс» білдіретіндері айтылады.

Соңғы 68 жылда Албания премьері Сербияға алғаш рет сапармен бармақшы болып отыр.

XS
SM
MD
LG