Accessibility links

АҚШ: Кобанидің көп бөлігі күрдтер бақылауында


АҚШ-тың әуе соққысы кезіндегі Кобани қаласы. 20 қазан 2014 жыл.
АҚШ-тың әуе соққысы кезіндегі Кобани қаласы. 20 қазан 2014 жыл.

АҚШ орталық әскери қолбасшылығының дерегінше, күрд жасақтары Сирияның Түркиямен шекарасындағы Кобани қаласының көп бөлігін бақылауында ұстап отыр. Күрдтермен соғысып жатқан радикалды "Ислам мемлекеті" ұйымының содырлары позицияларын күшейте алмаған.

Пентагон адмиралы Джон Кирби қаладағы ахуал әлі белгісіз күйінде қалып отырғанын, бірақ күрд әскері қорғанысты берік ұстанғанын хабарлады. Адмирал АҚШ-тың әуе соққылары содырлар шабуылын әлсіреткенімен, ұйым қалаға әлі қауіп төндіріп тұрғанын айтады.

Халықаралық коалиция Кобаниге әуе шабуылдарын жалғастырып жатыр. 20 қазанда әскери ұшақтар десанттық әдіспен күрд жасақтарына қару-жарақ, дәрі-дәрмек түсірген. Кирби түсірілген пакеттердің шамамен 28-дейі содырлардың қолына түсуі мүмкін екенін айтады.

Куәгерлердің айтуынша, 21 қазанда Кобаниде ұрыс қимылдары бәсеңдеген.

XS
SM
MD
LG