Accessibility links

Қазақстан параазия ойындарында тағы екі алтын алды


Инчхонда өтіп жатқан параазиялық ойындарда Қазақстан тағы екі алтын медаль жеңіп алды.

200 метрге кешенді жүзу жарысында Әнуар Ахметов алтын медаль ұтып алды. Бұл бағдарлама бойынша күміс жүлдені жапон Кеиси Кимура иеленсе, қоланы тағы бір қазақстандық спортшы Андрей Афанасьев еншіледі.

Әнуар Ахметов бұған дейін Инчхондағы параазиялық ойындарда 10 метрге әртүрлі әдіспен жүзу жарыстарында бір алтын, үш күміс медаль иеленген. Тағы бір алтын медальді 400 метрге еркін әдіспен жүзуде Дмитрий Ли жеңіп алды.

Осы кезге дейін Инчхондағы параазиялық ойындарда үш алтын, бес күміс, алты қола жүлдеге ие болған Қазақстан құрамасы жалпы есепте 18-орыннан 12-орынға көтерілді. Инчхондағы жарыс 24 қазанда аяқталады.

2010 жылғы параазиялық ойындарда Қазақстан небәрі екі күміс, төрт қола жүлде иеленген еді.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    Азаттықтың Прагадағы кеңсесінде қазақ тілінде редактор. Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің репортері. Сочи, Рио, Пхенчхан олимпиада ойындарынан, Джакартада өткен Азия ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG