Accessibility links

АҚШ биржаларында акциялар құны өсті


Нью-Йорк қор биржасындағы сауда. (Көрнекі сурет)
Нью-Йорк қор биржасындағы сауда. (Көрнекі сурет)

21 қазанда АҚШ қор нарығында америкалық жетекші 500 компанияның акцияларының құнын көрсететін S&P 500 индексі екі пайызға өсті. Бұл – осы индекстің 2014 жылы бір күн ішіндегі ең жоғары көтерілгені болып отыр. Технологиялық компаниялардың котировкасын көрсететін NASDAQ индексі екі жарым пайызға көбейген.

Инвесторлар мен трейдерлер Қытайда үшінші тоқсандағы экономикалық өсім көлемі болжамнан асып кеткені туралы және Apple корпорациясы мен басқа да америкалық ірі компаниялардың кірісі өседі деген мәліметтерден соң акцияларды сатып ала бастаған. Соңғы төрт күнде S&P 500 индексінің саудасы төрт пайызға өскен.

21 қазанда бірнеше аптадан кейінгі құлдыраудан соң мұнай бағасы да көтеріле бастады. Brent маркалы мұнайдың бағасы 86 АҚШ долларынан асты.

XS
SM
MD
LG