Accessibility links

«Базардағы бомбаға» қатысты күдікті ұсталды


Алматыдағы базарлардың бірі. (Көрнекі сурет)
Алматыдағы базарлардың бірі. (Көрнекі сурет)

Алматыда Алмалы ауданы аумағында орналасқан «Барыс-4» базарына «жарылғыш зат қойылғаны» туралы жалған ақпарат таратқан күдікті адам ұсталған. Қалалық ішкі істер департаментінің ақпаратында күдікті 27 жастағы ер кісінің уақытша қамау абақтысына жабылғаны айтылған.

Қазанның 21-і күні сағат 17-нің шамасында қалалық төтенше жағдайлар қызметіне «Барыс-4» көтерме-бөлшек сауда базары маңында «белгісіз біреу жарылғыш зат ұстап тұр» деген ақпарат түскен еді. Бұдан соң саудагерлер дереу жұмыс орындарынан шығарылып, базар тұрған көше жабылған. Бірақ жарылғыш зат туралы хабар расталмаған.

Полиция «көпе-көрінеу жалған ақпарат тарату» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазақстан қылмыстық кодексінде телефон арқылы көпе-көрінеу жалған ақпарат тарату іс-әрекеті үшін алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

XS
SM
MD
LG