Accessibility links

Азия елдерінің жаңа банкі құрылды


Қытай мен Азияның жиырмаға жық мемлекеті Азияның жаңа халықаралық банкін құрды.

Азия елдерінің шенеуніктері 24 қазанда Пекинде "Азия инфрақұрылымды инвестициялау банкін (Asian Infrastructure Investment Bank - AIIB) құру туралы түсіністік меморандумына қол қойды.

Банктің бастапқы жарғылық капиталы 50 миллиард АҚШ долларын құрайды және оның көпшілігін Қытай шығарады деп жоспарланып отыр. Пекин Азияның жаңа құрылған банкі АҚШ-тың қолдауындағы Дүниежүзілік банкке бәсекелес бола алады деп санайды.

Банкке Қытайдан өзге құрылтайшы елдер арасында Үндістан, Катар, Қазақстан, Өзбекстан және Пәкістан да бар.

Қытай Азияның жаңа банкін құру идесын өткен жылы ұсынған.

Банк жол, теміржол, электр станцияларының құрылысын, телекоммуникация желілерін салуды қаржыландыру үшін құрылып отыр.

XS
SM
MD
LG