Accessibility links

АҚШ-тың екі штаты Эболаға қатысты карантин енгізді


Дәрігер Крэйг Спенсер тұратын үйдің алдына жиналған БАҚ өкілдері. Нью-Йорк, 23 қазан 2014 жыл.
Дәрігер Крэйг Спенсер тұратын үйдің алдына жиналған БАҚ өкілдері. Нью-Йорк, 23 қазан 2014 жыл.

АҚШ-тың Нью-Йорк және Нью-Джерси штаттарында билік орындары Батыс Африкада Эбола дертін жұқтырағандармен жақын байланыста болған адамдардың бәрін мәжбүрлі түрде карантиннен өткізу жайлы шешім қабылдады. Бұл туралы жұма күні қос штаттың губернаторлары мәлімдеген.

Олар Нью-Йорк пен Нью-Джерси халықаралық әуежайларында Батыс Африка аймағынан келген жолаушыларды тексеретін қосымша шаралар енгізілетінін хабарлады. Африкада Эбола дертіне шалдыққандармен жұмыс істеген дәрігерлер міндетті үш апталық карантиннен өтетін болады.

Бұған дейін Нью-Йорк қаласында тұратын дәрігер Крейг Спенсерден Эбола вирусының белгілері анықталған еді. «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымының тобы құрамында Гвинеяда қауіпті дерт жұқтырған адамдарға жәрдем көрсеткен ол өткен аптада АҚШ-қа оралған. Қазір ол Нью-Йорк ауруханасында оқшау бөлмеде дәрігерлердің бақылауында жатыр. Билік орындары АҚШ-қа келген соң онымен байланыста болған адамдардың барлығын тексеруден өткізбекші.

XS
SM
MD
LG