Accessibility links

Алматыда ұлттық рәміздер шарасы өтті


Ұлттық рәміз акциясы
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:44 0:00

ВИДЕО: Ұлттық рәміздерді ұлықтау акциясы. Алматы, 25 қазан 2014 жыл.

Бүгін Алматыдағы Абылай хан даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысындағы скверде ұлттық рәміздерді ұлықтау акциясы өтті деп хабарлады Азаттық тілшісі.

Қазақтың батыр қыздары Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың ескерткіші жанында өткен шараға қатысқандардың арасында қарапайым тұрғындармен бірге қоғамдық белсенділер, журналистер және кейбір саясаткерлер болды. Ұйымдастырушылар бұл акцияны Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылдағанына 24 жыл толуына орайластырып өткізгендерін айтады.

Шара барысында белсенділер жұртшылыққа Қазақстанның ұлттық рәміздері бейнеленген шар, жалауша мен төсбелгілер үлестірді. Бейбіт жағдайда өткен шараны полиция сырттай бақылап тұрды.

Акциямен бір мезгілде осы жердегі алаңда ұйымдастырылған мотоциклдер шоуын ұлттық рәміздер шарасын ұйымдастырушылар өздеріне кедергі келтіру үшін жасалған нәрсе деп қабылдады.

Шамамен 40 минуттай уақытқа созылған рәміздер акциясынан жұрт біртіндеп тарады.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG