Accessibility links

АҚШ әйелді дарға асқан Иранды айыптады


Бұрынғы қауіпсіздік қызметкерін өлтірген деген күдікпен ұсталған Рейхан Джаббари полиция бөлімшесінде отыр. Тегеран, 8 шілде 2007 жыл.
Бұрынғы қауіпсіздік қызметкерін өлтірген деген күдікпен ұсталған Рейхан Джаббари полиция бөлімшесінде отыр. Тегеран, 8 шілде 2007 жыл.

АҚШ билігі тұтқын әйелді дарға тартқаны үшін Иранды айыптады.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Джен Псаки өлім жазасына кесілген әйелдің ісі бойынша өткен сот процесі мен үкімге қатысты АҚШ «қатты алаңдаушылық» білдіретінін мәлімдеген.

2007 жылы бұрынғы қауіпсіздік қызметкерін өлтіргені үшін өлім жазасына кесілген 26 жастағы Рейхан Джаббариге шығарылған үкім 25 қазанда орындалғаны хабарланған еді.

Құқыққорғаушылар Джаббаридің өзін зорламақ болған барлау қызметінің өкілі Мортез Абдолали Сарбандиден қорғану үшін пышақ жұмсауға мәжбүр болғанын айтады.

XS
SM
MD
LG