Accessibility links

Денис Тен АҚШ-тағы турнирде төртінші болды


Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен. Сочи, 14 ақпан 2014 жыл.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен. Сочи, 14 ақпан 2014 жыл.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен АҚШ-тың Чикаго қаласында Гран-при сериясындағы Skate America турнирінде төртінші орын алды деп хабарлады бүгін Tengrinews сайты.

Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері және 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс медалінің иегері атанған қазақстандық спортшы бұл жолғы жарыста 147,56 ұпай жиған.

Ерлер арасында жеке бәсекеде 175,70 ұпай жиған жапон Тацуки Матида турнир жеңімпазы атанған. АҚШ өкілі Джейсон Браун екінші, канадалық Нам Нгуен – үшінші орын алған.

XS
SM
MD
LG